×
جدبد!

تطبيق موسوعة بيان الإسلام

احصل عليه الآن!

الإيمان بالملائكة (كازاخي)

الوصف

مقالة باللغة الكازاخية، فيها تعريف الإيمان بالملائكة، وتكوين خلقهم، وأصنافهم، وأوصافهم، وأعمالهم. والفروق بين الملائكة وبين البشر.

تنزيل الكتاب

    Періштелерге иман

    الإيمان بالملائكة

    қазақ тілі – Kazakh – كازاخي

    Қазақ тілі командасы орналасуы Dar әл-Ислам

    فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام

    —™

    Періштелерге иман

    Иманның екінші шарты: періштелерге иман келтіру.

    Аллаһ Тағала айтады: «Кім Аллаһ Тағалаға, Оның періштелеріне, Кітаптарына, Елшілеріне және Ақырет күніне иман келтірмесе, ол тым ұзақ адасқан болады», Ан-Ниса сүресі, 136 аят

    Демек, Аллаһ Тағалаға иман келтірген кісі, Оның періштелеріне иман келтіруі тиіс.

    Мұсылман Құран Кәрім мен Мұхаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіне сүйене отырып періште деген нұрдан жаратылған мақұлық бар деп иман келтіреді. Періштелерге қатысты Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде не делінген?

    1. Періштелер Адам пайғамбардан (ғ.с.) бұрын жаратылған.

    «Мұхаммад! Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен жерде бір орынбасар жаратамын» - деген еді. Періштелер: «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтаумен пәктаймыз» - деді. Аллаһ Тағала: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін» - деді». Аль-Бақара сүресі,30 аят

    Пайғамбарымыз (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Періштелер нұрдан, жындар оттан, ал Адам пайғамбар сендерге баян етілген нәрседен (топырақтан) жаратылған».

    Хадисті Айша анамыздан Имам Муслим және Имам Ахмад риуаят етті.

    2. Нұрдан жаратылу себебінен періштелердің адамдыкіне ұқсаған денесі болмайды.

    3. Періштелер жемейді, ішпейді, ұйықтамайды.

    4. Періштелердің жыныстық ерекшеліктері, яғни олардың ер-әйелі болмайды. Періштелер үйленбейді, себебі олардың бойында адам баласындағыдай шахуат (жыныстық қатынасқа деген әуестік, құштарлық, шабыт) болмайды.

    5. Періштелердің қанаты болады. «Барлық мақтау көктерді және жерді жасаған, сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші хабар жеткізуші қылған Аллаһ Тағалаға болсын. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Күдіксіз Аллаһ Тағаланың әр нәрсеге күші толық Жетуші», Аль-Фатыр сүресі, 1 аят.

    Абдуллаһ ибн Масғұттан Имам Бухари мен Имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыздың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбраил періштені өз бейнесінде көргендігі, яғни, оның 600 қанаты бар екені баян етіледі.

    6. Аллаһ Тағаланың қалауымен періштелер адам бейнесінде көріне алады. «Марьямға Жәбраилді жібердік те, ол адам бейнесінде көрінді», Марьям сүресі, 17 аят.

    Имам Муслим Омар ибн Хаттабтан риуаят еткен хадисінде адам бейнесінде келген Жәбраилді: «Киімі ақ, шашы қара», деп бейнелеген.

    7. Періштелер Аллаһ Тағаланың әміріне қарсы келмейді, қателспейді, күнә істемейді.

    «Раббыңның қасындағы періштелер Оған құлшылық қылудан менменсінбейді де, Оны дәріптеп, Оған құлшылық етеді», Аль-Ағраф сүресі, 206 аят.

    «Көктер мен жердегілер Аллаһ Тағаланың мүлкі. Оның жанындағы періштелер шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһ Тағаланы дәріптеуден жалықпайды», Аль-Анбия сүресі, 19-20 аяттар.

    «Періштелерді Аллаһ Тағаланың қыздары деп ойлайтындар: «Аллаһ Тағаланың баласы бар» деді. Аллаһ Тағала баласы бар болудан пәк. Расында Періштелер Аллаһ Тағаланың ардақты құлдары. Олар Оның әмірін ғана орындайды. Аллаһ Тағала олардың өткенін де, келешегін де біледі. Олар, Аллаһ Тағала разы болған кісіге ғана шапағат ете алады. Олар Аллаһ Тағаладан қорыққандарынан тітірейді», Аль-Анбия сүресі, 26-27-28 аяттар.

    «Періштелер Аллаһ Тағаланың әміріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды», Ат-Тахрим сүресі, 6 аят.

    8. Періштелердің санын жалғыз Аллаһ Тағала ғана біледі.

    «Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың санын қарсы келушілерге анық бір сынақ қылдық. Раббың жасақтарының (періштелерінің) санын Өзі ғана біледі», Аль-Мудассир сүресі, 31 аят.

    Аллаһ Тағалаға ерекше жақын болған періштелер.

    Бүкіл әлемді Жаратушы Аллаһ Тағала әлемдегі барлық нәрсені, оның ішінде періштелерді де белгілі бір мақсатпен жаратқан. Мысалы, Жәбраил періштенің міндеті – Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарларға уахи (хабар) жеткізу.

    «Мұхаммад! «Кім Жәбраилге дұшпан болса, ол Аллаһ Тағаланың дұшпаны болған. Өйткені Жәбраил Аллаһ Тағаланың бұйрығымен Таурат, Забур, Инжилді растаушы Құран Кәрімді иман келтірушілер үшін тура жол әрі жәннатпен қуандырушы түрде жүрегіне қондырды»де», Аль-Бақара сүресі, 97 аят.

    Жәбраил «періште муқаррабун», яғни, басқа періштелерге қарағанда Аллаһ Тағалаға ерекше жақын періштелер қатарына жатады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Жәбраилге қатысты былай деген: «Жәбраил қуат иесі, ғарышының Иесі болған Аллаһ Тағаланың қасында беделді, ықпалды (яғни, аспандағы періштелер оған бағынатын) және сенімді», Ат-Такуир сүресі, 20-21 аяттар.

    Микаил періште – жел, жауын-шашын сияқты дүниедегі табиғат тәртібіне байланыста жұмыстарын атқаратын Аллаһ Тағаланың өкілі. Микаил де муқаррабун періштелер қатарына жатады. «Аллаһ Тағалаға, Оның періштелеріне, Елшілеріне, сондай-ақ Жәбраил, Микаилге дұшпан болса, әлбетте Аллаһ Тағала кәпірлерге дұшпан», Аль-Бақара сүресі, 98 аят.

    Жәбраил, Микаил сияқты муқаррабун періштелер қатарына Исрафил және Жан алушы періштелері жатады. Исрафил Қиямет күні сүр үрлеуге, Жан алушы періште жан алуға міндеттелінген.

    Құран Кәрім және Хадис шарифте баян етілген періштелердің түрлері.

    1. Аллаһ Тағаланың ғарышын көтеріп тұрған періштелер. «Ғарышыны көтерген және Оның маңындағы періштелер Раббыларын мадақтап, дәріптейді, Оған иман келтіреді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: «Раббымыз! Сен білім және рақымдылығың мен әр- нәрсені Өзіне қамтығасын. Тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа. Оларды тозақтан сақтай гөр» - деп тілейді», Аль-ғафир сүресі, 7 аят.

    2. Адамдардың іс-әрекеттерін жазуға міндеттелінген періштелер. «Негізінде сендерде амалдарыңды бақылаушы періштелер бар. Олар Аллаһ Тағала алдында ардақты жазушылар. Олар не істегендеріңді түгел біледі», Аль-Инфитар сүресі, 10-11-12 аяттар.

    Осы айтылғанға қатысты адамдардың арасында түрлі пікір қалыптасқан. Соның бірі – адамның оң жағында періште, сол жағында ләғінетті шайтан болады деген пікір. Оң жақтағы періште адамды жақсылыққа тартса, шайтан жамандыққа тартады. Бұл пікір мүлдем дұрыс емес. Адамның екі иық тарапында періштелер болады. Бұлардың міндеттері адамның жақсы-жаман амалдарын жазу. Оң жақтағы періште амалдың жақсысын жазса, сол жақтағысы адамның жаман амалдарын жазады. Бұл періштелерден адам баласына келіп-кетер зияны жоқ. Себебі, бұлардың міндеттері тек Аллаһ Тағаланың әміріне сәйкес, адамның жақсы немесе жаман амалдарын жазумен шектеледі.

    3. Адамды қорғаушы періштелер. «Адамның алды-артынан Аллаһ Тағаланың әмірі бойынша, өкшелеп жүріп қорғаушы періштелер бар», Ар-Рағд сүресі, 11 аят.

    4. Тозақ сақшылары. «Кәпірлер тозақтың азабында мәңгі қалады. Олардың азабы жеңілдетілмейді және олар онда Аллаһ Тағаланың жарылқауынан күдер үзген күйде қалады. Біз оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қылды. Тозақтағылар: «Ей, тозақты иеленуші (тозақтың сақшысы болған періште). Раббың бізге өлім беріп, жоқ етсінші» дейді. Содан (мың жыл өте) сақшы періште: «Расында сендер тозақ азабында мәңгі қаласыңдар» - дейді. Аллаһ Тағала тозақыларға: «Сендерге тозақ азабы ақиқат дедік. Бірақ көбің оны рас деп мойындамадыңдар» - дейді», Аль-Зухруф сүресі, 74-78 аяттар.

    «Оттағылар тозақтың сақшыларына: «Раббыларыңнан өтініңдерші. Ол азабымыздан бір күн болсада жеңілдетсін» - дейді. Сонда тозақ сақшылары: «Сендерге Елшілерің дәлелдермен келмеді ме?» - дейді. Олар: «Иә, келді» - дейді. Сақшылар: «Ендеше тілей беріңдер. Біз кәпірлерге жәрдем етпейміз» - дейді. Аллаһ Тағала тозақыларға: «Кәпірлердің тілегі мүлдем зая кетуде» - дейді», Аль-Ғафир, 49-50 аяттар.

    5. Жатырдың ішіндегі ұрыққа жан беруші періштелер. Аллаһ Тағала айтады: «Адамды балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы еттік. Сосын тамшыны ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды кесек ет етіп, кесек еттен сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оған рух (жан) берумен оны басқа бір жаратылыс қылдық. Жаратушылардың ең шебері – Ұлы Аллаһ Тағала», Аль-Мүминун сүресі, 12-14 аяттары.

    Бала ер және әйелдің ұрықтарынан пайда болады. Ер кісіден шыққан ұрық (аталық) аналық ұрықпен қосылу үшін әрекетке түсіп, аналық ұрықтың қауызын жарып өтіп, онымен араласады. Нәтижесінде ананың құрсағында бала пайда болады.

    Аллаһ Тағаланың «Сонан кейін жатырда тұратын тамшы еттік» дегені осы. Кейін Аллаһ Тағала «тамшыны ұйыған қанға» айналдырады. Белгілі бір мерзім өте ұйыған қан кесек етке айналады. Осы уақыттан бастап ұрық (эмбрион) белгілі бір бейнеге келе бастайды. Онда сүйек пайда болып, кейін сүйек етпен қапталады. Аяттағы «Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қылдық» деген сөз Құарн Кәрім Аллаһ Тағаланың сөзі екеніне ғажайып дәлелдердің бірі.

    Ғалымдардың зерттеулері бойынша эмбрион екінші айдың басында адамға емес, жаңадан пайда болып келе жатқан бақаға ұқсайды. Екінші айдың соңында эмбрион бүтіндей өзгеріске түсіп, су жәндігі дәрежесінен адам бейнесіне келе бастайды. Аллаһ Тағаланың «Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қылдық» деп айтқан сөзінің мәнісі осында.

    Пайғамбарымыз (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни, 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп төрт нәрсені белгілейді: ризығы, қанша өмір сүретінін, істейтін амалын, бақытты не бақытсыз болатынын».

    Жиырмасыншы ғасырға дейін ғалымдар алдымен сүйек, кейін ет пайда болады деген пікірде болғандары ақиқат. Ғылым және техника дамуының нәтижесінде ғалымдардың бұл пікірі мүлдем өзгерді. Себебі, зерттеулердің нәтижесінде ана құрсағындағы ұрық алдымен қанға, кейін етке айналатындығы, осыдан кейін сүйек пайда болып, кейін ол етпен қапталатындығы анықталды. Аллаһ Тағалаға мақтау болсын, 14 ғасыр бұрын Құран Кәрім мен Хадис Шарифте айтылған нәрселер ақиқат екендігі қазіргі күні ғылыми негізде расталуда.

    Жоғарыда айтылғаннан тыс періштелердің түрлері мен атқаратын қызметтері сан алуан. Құран Кәрім мен Хадис Шарифте періштелерге қатысты айтылғанның барлығын бір еңбекке қамту мүмкін емес. Жалпы бұл тақырыптан түсінуге тиісті болған нәрсе: періштелерге болған иман біздің рухани өміріміздің негізі. Рухани негізге сүйенген тіршілік тек жақсылыққа үндейді. Бұндағы мақсат – адам баласын рухани кемелділіктің шынына көтеру. Осы себептен періштелерге иман келтіру Ислам дінінің негіздерінің бірі болып есептеледі.

    معلومات المادة باللغة الأصلية