×
جدبد!

تطبيق موسوعة بيان الإسلام

احصل عليه الآن!

أسس العقيدة الصحيحة (كازاخي)

الوصف

مقالة باللغة الكازاخية، فيها تعريف العقيدة الصحيحة، وأسسها، ومصادرها، ومضامينها، وأهميتها، ومكانتها في الشريعة الإسلامية، ودورها في حياة البشر.

تنزيل الكتاب

    Ақида негіздері

    أسس العقيدة الصحيحة

    қазақ тілі – Kazakh – كازاخي

    Қазақ тілі командасы орналасуы Dar әл-Ислам

    فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام

    —™

    Ақида негіздері

    Ақида сөзінің мағынасы عَقْد (ақдун) сөзі «түю, байлану» деуге жақын келеді. انْعَقَدَ (ин`ақада байлану),اعْتَقَد (йғтақада сену, көзі жету, илану). مُعاقدة (муақадатун келісім) сөздерінің пайда болуына негіз болады. عقيدة (ақида) сөзі де ақдун عقد (ақдун) сөзінен туындап,тілдік мағынасы «көзқарас» « сенім» деген мағыналарды білдірсе, шариғи мағынасы адамның бір нәрсеге сенімін білдіреді. Сол себептен Аллаһ Тағаланың барлығына, бірлігіне, Мухаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі) болсын пайғамбарлығына, Ислам діні ақиқат дін екеніне күмәнсіз және нақты сенген адамның нанымы العقيدة الصحيحة (алақида ассасиха, дұрыс сенім) деп аталады.

    Ислам дінінде ақида ғылымы:

    1. Дін негіздерأصول الدين) (

    2. Аллаһтың жалғыздығы, Оған тән есімдермен сипаттар (التوحيد)

    3. Имандылық пен оның негіздерін (الإيمان) қамтып, олардың әрқайсысын бөлек пән ретінде қарастырады.

    Ислам ақидасының негізі

    Ислам ақидасы иманның шарттарына негізделеді. Иманның шарты алтау. Ол: Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына, Пайғамбарларына (оларға Аллаһ Тағаланың сәлемі болсын), Ақырет күніне, тағдырға иман келтіру.

    Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың сөзі және Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері.

    " يا أيها الذين آمَنوا آمِنوا بالله ورسوله والكتاب الذي نزّل على رسوله والكتاب الذي أنزل من قبل ومن يكفر بالله وملائكته وكتبه ورسله واليوم الآخر فقد ضل ضلالا بعيدا"

    «Ей, иман келтірушілер! Аллаһ Тағалаға, Пайғамбарына, және сол Елшісіне түсірген Кітабіна және одан бұрын түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Кім Аллаһ Тағалаға, періштелеріне, Кітаптарына, Елшілеріне және Ақырет күніне қарсы болса, онда ол тым қатты адасқан болады».

    Ниса сүресі, 136 аят

    " ليس البر أن تُوَلُّوا وجوهكم قِبَل المشرق والمغرب ولكن البر من آمن بالله واليوم الآخر والملائكة والكتاب والنبيين...أولئك الذين صدقوا وأولئك هم المتقون"

    «Игілік жүздерінді шығысқа, не батысқа қарату емес. Бәлкім игілік Аллаһ Тағалаға, Ақырет күніне, періштелерге, Кітабына, Пайғамбарларына иман келтіру... Міне солар имандарында кіршіксіз адал және солар шын тақуалар» (Аллаһ Тағаланың азабынан қорқып, күнәлі істен сақтанушылар).

    Бақара сүресі, 177 аят

    "آمن الرسول بما أنزل إليه من ربه والمؤمنون كل آمن بالله وملائكته وكتبه ورسله"

    «Пайғамбар және мүминдер Раббысынан түсірілген нәрсеге иман келтірді. Барлығы да: Аллаһ Тағалаға, Оның періштелеріне, Кітаптарына, Пайғамбарларына сенді».

    Бақара сүресі, 285 аят

    "عن عمر بن الخطاب رضي الله عنه قال: قال: فأخبرني عن الإيمان؟ قال: "أن تؤمن بالله وملائكته وكتبه ورسله واليوم الآخر، وتؤمن بالقدر خيره وشره"

    «Омар ибн Әл-Хаттабтан: Кейін Жәбраил (ғ.с.): «Маған иманның не екенін айтшы?» - дегенде, Мухаммад (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иман дегеніміз – сен Аллаһ Тағалаға, Оның періштелеріне, Кітаптарына, Пайғамбарларына, Ақырет күніне және жақсылық пен жамандықтың тағдыры белгіленуі Аллаһ Тағаладан екеніне сенуің» - деп жауап берді».

    Хадистен үзінді. Хадисті Әбу Һурайра р.л.ғ. және Омар ибн Хаттабтан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят етті.

    Ақида ғылымының адам өмірінде алатын орыны

    Адамның тіршілігінде әр нәрсенің өзіндік құндылығы болады. Табиғат, жалпы тіршіліктің заңдылықтарын материалистік (атеистік) ұғымдағы адамның түсінуі мен діни көзқарастағы адамның түсінуі екеуі екі басқа. Өйткені атеист Жаратушысының барлығына нанбай, о дүниелік өмірден үмітсіз болғандықтан кез-келген нәрсені тек бұл дүниедегі пайдалылығы тұрғысынан бағалайды. Аллаһ Тағалаға, о дүниеге иман келтірген адам, қай нәрсе болмасын екі дүниедегі пайдасын ойлайды және солай бағалайды.

    Адам баласының Ислам дінін қабылдауы – Жаратушысының барлығына шын көңілден иман келтіруіне негізделсе, пенденің Тәңірін тануына деген мұқтаждығы ақида ғылымына алып келеді.

    Ақидасы жоқ мұсылманның жасаған құлшылығында мағына болмайды. Дұрыс ақида мұсылманның көкірек көзін ашып, оның рухани дүниесін өзгертеді. Сондықтан да мұсылман кісіге ақида ғылымының құндылық дәрежесі барлық нәрседен жоғары.

    Тек ақидасы арқылы адам баласы Аллаһ Тағаланың есімдерін біліп, сипаттарын танып, Онымен тікелей қарым-қатынаста бола алады.

    Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеттері арқылы баян етілген дұрыс ақида негіздерін бойына сіңіре алған кісі, іс жүзінде Ислам шариғатын ұлық тұтып, оның мұсылманға қоятын талаптарын дәріптейді. Осы негізде кез-келген кісі өзінің мұсылман болғанын айтып, шын көңілден иман келтіргенін намаз оқу, ораза тұту, жамандықтардан тыйылып, Отанына, халқына қызмет ету арқылы дәлелдейді.

    Осы айтылғандардың өзі-ақ саналы кісіге ақида ғылымының маңыздылығын көрсетсе керек.

    Су тіршілік көзі болса, ақида ғылымы Ислам дініндегі барлық ғылымдардың қайнар бұлағы.

    Шындығында ақида ғылымы жалған ұрандар арқылы көпшілікті алдап, дінге еліктіру саясаты емес, керісінше ғылыми дәлелдер арқылы құдайшылдыққа үндеу.

    Бұған Құран Кәрімнен дәлел келтірейік.

    Дүниеде барлық нәрсе жұп етіліп жаралған. Бұл қашаннан бері белгілі және қазіргі уақытта ғылыми негізде дәлелденген даусыз ақиқат. Мысалы, Құран Кәрімде өсімдіктер жайлы былай делінген:

    " أو لم يروا إلى الأرض كم أنبتنا فيها من كل زوج كريم "

    «Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда қанша жұп-жұп нәрселерді өсіріп қойдық».

    Шұғара сүресі, 7 аят

    Ал адамзат пен жануарлар әлеміне қатысты былай делінген:

    "فاطر السماوات والأرض جعل لكم من أنفسكم أزواجا ومن الأنعام أزواجا يذرؤكم فيه ليس كمثله شيء وهو السميع البصير"

    «Көк пен жердің Жаратушысы сендерге өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуанды да жұптап жаратты».

    Шұра сүресі, 11 аят

    Құран Кәрім бұл айтылғандармен шектеліп қалмай дүниедегі барлық нәрселер жұп болып жаратылғанын баян етеді.

    "سبحان الذي خلق الأزواج كلها مما تنبت الأرض ومن أنفسهم ومما لا يعلمون"

    «Кіршіксіз пәк Аллаһ барлық нәрселерді: жерден өнген нәрселерді де, өздерінен болғандарды да және олар білмейтін нәрселерді де жұп-жұп етіп жаратқан».

    Ясин сүресі, 36 аят

    Құран Кәрімнің Юнус сүресінде мынау аят бар:

    "وما يعزب عن ربك من مثقال ذرة في الأرض ولا في السماء ولا أصغر من ذلك ولا أكبر"

    «Жер мен көктегі нәрселердің зәредей, онан кішісі де үлкені де Раббыңның назарынан тыс болмайды».

    Юнус сүресі, 61 аят

    Қазіргі уақытта адам баласы білетін ең кішкентай нәрсе атом болып есептеледі. 19 ғасырға дейін ғалымдардың арасында атом бөлінбейді деген пікір болған. Дегенмен, жылдар бойы жасалған тәжірибелердің нәтижесі атомның өзі қосымша бөлщектерден тұратындығын көрсетті. Атом – электрон және протонға бөлінеді екен.

    Құран Кәрім: «зәредей, онан кішісі де үлкені де Раббыңның назарынан тыс болмайды» - деуі осыны меңзейді.

    Ал енді ойлап көріңізші, осыдан он төрт ғасыр бұрын Араб жазирасынан шыққан сауатсыз адам тозаң түйіршігінің салмағынан да төмен атом атаулы заттың барлығын, оның ерекшеліктерін, атомның құрамы протон, электрон және нейтроннан тұратынын қайдан біледі?

    Осының өзі-ақ Құран Кәрім – бүкіл әлемді Жаратушы Ұлы құдіреттің сөзі екеніне дәлел емес пе?

    Оны Мухаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) ойынан шығарды деушілер қатты қателеседі.

    Бұл жалғанда ана құрсағынан шыр етіп түсіп, санасы жетіп данышпан болған, соңынан топыраққа айналған қаншама пенде өтпеді! Қаншама парасатты азамат бүкіл тіршілігін өмірдің сырын ашамын, ақтан қараны, жалғаннан ақиқатты ажыратамын деп, шындыққа қол жеткізуге тырысты. Қанша ақиқатқа көзі жетіп тұрған ғалымның сөзі жалғанға шығарылып, қанша жалғандық ақиқат ретінде қабылданды. Бұл айтылғанға адамзат тарихының өзі куә. Мысалы, шіркеу басқарған инквизицияның құрбаны болған Коперникті, өз теориясының негізсіз екенін өзі мойындап кеткен Чарьлз Дарвинді, ата-бабасы мұсылман болып, дін тәртібін ұстануы арқасында қаны мен тәні таза болған қазақтың санасын уландырған жетпіс жылға созылған марксистік-лениндік теорияны алыңыз. Бәрі де жалғанды ақиқат ретінде қабылдап, адасқан ағымдар.

    Өкінішке орай көп жағдайда біз басымыз тасқа тигенде де тиісті қорытынды шығармай, пендешілікпен адасып, тығырыққа тіреліп жатамыз. Ұлы Қамқор Жаратушымыздың ескертулеріне құлақ аспай, жасанды және жалған құдайларды пір тұтамыз.

    Ақида ғылымы – адам бар болғаны Аллаһ Тағаланың жаратқан бір мақұлығы (жаратылғаны) екенін түсіндіріп, адам баласы өзі сияқты жаратылған нәрсені құдай тұтудан сақтандырып, ақиқат Жаратушысына серік қосудан қайтарады.

    Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Ибраһим ғ.с. пайғамбардың мушриктерге (мушрик-құлшылығында Аллаһ Тағалаға серік қосушы) айтқан мына сөзін келтіреді:

    "وكيف أخاف ما أشركتم ولا تخافون أنكم أشركتم بالله

    ما لم ينزل به عليكم سلطانا فأي الفريقين أحق بالأمن"

    «Қалайша мен сендердің Аллаһ Тағалаға қосқан серіктеріңнен қорқамын, дәлелсіз нәрселерді серік еткендеріңнен қорықпайсыңдар. Сонда екі топтың қай бірі аман (қауіпсіз) болуға лайығырақ?»

    Әнғам сүресі, 81 аят

    Келесі аятта Аллаһ Тағала құлшылықта Аллаһқа серік қоспағандар мен мушриктердің арасын айырып, тозақ азабынан аман болушыларды сипаттап:

    "الذين آمنوا ولم يلبسوا إيمانهم بظلم أولئك لهم الأمن وهم مهتدون"

    «Иман келтіріп, сол имандарын зұлымдықпен (яғни, Аллаһқа серік қосумен) кірлетпегендер, міне соларға аманшылық бар және олар тура жол тапқандар» - дейді. Әнғам сүресі, 82 аят.

    Адам баласының бұл дүниедегі ең ауыр күнәсі – Аллаһқа серік қосу (ширк). Имам Бухари мен Имам Муслим Абдуллаһ ибн Масғұдтан (р.л.ғ.) риуаят еткен бір хадисінде Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағалаға серік қосуды «зұлымдық жасау» деп түсіндірсе, Аллаһ Тағала Өзіне серік қосуға қатысты Лұқман сүресінің 13 аятында айтады:

    "إن الشرك لظلم عظيم"

    «Ширк – зор зұлымдық!»

    Ниса сүресінің 48 аятында:

    "إن الله لا يغفر أن يُشرك به ويغفر ما دون ذلك"

    «Аллаһ Тағала Өзіне серік қосқанды кешірмейді, бірақ одан басқа күнәларды кешіреді» - дейді.

    «Мен намазды Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін оқимын» - деп жүрген адам: «Басқалар менің намаз оқығанымды көрсін», немесе «әруақтар разы болсын» деген ойға бармауы керек. Намаз Аллаһ Тағаланың әмірімен және тек бір Оның ризалығы үшін оқылады.

    «Ең ауыр күнә не?» - деп сұралғанда Пайғамбарымыз (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын):

    "أن تجعل لله ندّا وهو خَلقك" متفق عليه

    «Аллаһ Тағалаға серік қосуың, Ол сені жаратты ғой!» - деп жауап берген. Имам Бухари мен Имам Муслим риуаяттарынан.

    "من مات وهو يدعو من دون الله ندا دخل النار"

    «Кім Аллаһ Тағаладан басқа нәрсеге сиына жүріп өлген болса, ол тозаққа кіреді»

    Хадисті Имам Бухари риуаят етті

    Өткен аят-хадистерден ақида ғылымының адам баласы үшін қаншалықты маңызды екені көрінеді. Ол – адам баласын мушрик (құлшылығында Аллаһ Тағалаға серік қосушы) болудан сақтандырып, күпірліктен қайтарады, Хақ Иесін танытып, Оған жақын болу жолдарын үйретеді.

    Ислам ақидасының іргетасы

    Тіршілік мәселелерінде аят пен сүннетті негізге алу – әрбір мұсылманның мойнындағы борышы, өйткені аят пен хадис – Ислам ақидасының іргетасы. Тіршілігінде осы екі нәрсеге сүйенгендер мына жалғанда адаспай, Ақыретте Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырамайтынына Ұлы Құдіреттің Өзі кепіл:

    "قال اهبطا منها جميعا بعضكم لبعض عدو فإما يأتينكم مني هدى فمن اتبع هداي فلا يضل ولا يشقى (123) ومن أعرض عن ذكري فإن له معيشة ضنكا ونحشره يوم القيامة أعمى (124) قال رب لم حشرتني أعمى وقد كنت بصيرا (125) قال كذلك أتتك آياتنا فنسيتها وكذلك اليوم تُنسى (126) وكذلك نجزي من أسرف ولم يؤمن بآيات ربه ولعذاب الآخرة أشد وأبقى (127)

    «Бір-бірлеріңе жау (алауы) болып жәннаттан түсіңдер Егер Менен сендерге түзу жол (нұсқау) келіп, кім Менің жолыма түссе, ол адаспайды және сорламайды. Кім Менің зікірлерімнен (аятымнан, жолымнан) бас тартса, оған тым тар тіршілік әзір және оны Қиямет күні соқыр қылып тірілтеміз. Ол: «Раббым, менің көзім ашық еді ғой. Неге мені соқыр қылып тірілттің?» - дейді. «Осындай болып саған Біздің аяттарымыз келген болатын. Сен оларды ұмытып (керек етпей, елемей) кеттің. Сен де солай бүгін еленбейсің!» - дейді Жаббар Хақ (Жаббар, Хақ – Аллаһ Тағаланың сипат-есімдері). Осылайша Біз шектен шығып, Раббысының аяттарына иман келтірмеген жандардың сыбағасын береміз. Ақырет азабы шынында өте қатты және мәңгі».

    Таһа сүресі, 123-127 аяттар

    Аллаһ Тағала адам баласын жаратуымен оны өз еркіне қалдырған жоқ. Керісінше, Аллаһ Тағала Өз тарапынан тура жолды нұсқайтын Кітап түсіріп, араларынан пайғамбарлар жіберді. Олардың міндеттері аяттардың мағыналарын түсіндіріп, шариғат талаптарын жеткізу.

    "هو الذي بعث فب الأميين رسولا منهم يتلو عليهم آياته ويزكيهم ويعلمهم الكتاب والحكمة وإن كانوا من قبل لفي ضلال مبين"

    «Бұрын анық адасып жүрсе де бұл сауатсыз қауымдардың ішінен Аллаһ Тағаланың аяттарын оқитын, оларды тазалап, оларға Құран Кәрім мен даналықты үйрететін бір пайғамбар жіберді»

    Жұма сүресі, 2 аят

    Бұл аят бойынша: Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран аяттары негізінде айтқан хадистерін шындап қабылдамаған адам тіпті де мүмин бола алмайды. Өйткені, аяттағы «хикмет» (даналық) деп отырғаны хадистер.

    «Мухаммад (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын)! Сенің Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сенің төрелігіңе жүгініп, кейін берген төрелігіңнен іштей ешқандай мін таппай толық бойсұнғанға дейін мүмин бола алмайды».

    Ниса сүресі, 65 аят

    Шындығында мұсылмандар жоғарыда келтірілген аяттарға сәйкес, бүкіл тіршілігінде Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін (жолын) негіз тұтып, ондағы үкімдерді құрметтеп қабылдайды. Сонымен қатар, дін үкімдерін надандық және нәпсіқұмарлық негізінде бұрмалап, хадистерге жалған түсінік бермейді. Олардың түсініксіз жерлеріне мұқият қарап, білмеген немесе білімі жетпеген сәтте оны дұрыс ұғыну әрекетін жасайды.

    «Құранды түсінуге тырыспай ма?»

    Ниса сүресі, 82 аят

    «Олар айтылған сөзді (Құран Кәрімді) зерттемей ме?

    Мүминун сүресі, 68 аят

    «Бұл ап-анық Құран аяттары»

    Юсуф сүресі, 1 аят

    «Бұл (яғни Құран Кәрім) адамдарға жіберілген ашық баяндау, тура жол және тақуалар үшін насихат»

    Әли Ғимран сүресі, 138 аят

    «Мухаммад! Оларға түсірілген нәрсені адамдарға ашық баян етерсің деп саған зікірді (Құранды) түсірдік. Мүмкін олар ойланар».

    Нахыл сүресі, 44 аят

    Кейбір шала сауаттылар ойлағандай білім дінсіздікке апармайды, бәлкім білімі өскен сайын иманы, діндарлығы арта түседі.

    Шын парасатты кісі ғылыми ізденістер арқылы адам баласы шексіз кең әлемде өмір сүріп жатқандығына, әлемдегі әрбір нәрсенің қозғалыс әрекеті белгілі бір заңдылыққа негізделгеніне көзін жеткізері сөзсіз.

    Өткен ғасыр ғалымдарының бірі Луи Пастер (Ұлыбритания): «Иман, яғни, Жаратушының барлығына деген сенім, ешқашан адамзаттың алға басу процесіне тосқауыл болмайды. Өйткені прогресстің әрбір сатысы Аллаһтың жаратқан таңғажайып нәрселерін анықтап көрсетіп береді. Егер мен кешегімен салыстырғанда бүгін білімдірек болсам, Аллаһқа деген сенімім де кешегіден гөрі басымырақ болар еді.» - деген.

    Академик Фай өзінің «Әлемнің негізі» атты кітабында: «Білім өз иесін Аллаһты танытуға алып барады» - деген болса, белгілі тарихшы Фебер өзімен замандас дінсіздерге қарап: «Әрбір дәуірдің өз ерекшелігі болады. Біздің дәуірдің ерекшелігі – Жаратушыға деген сенімсіздік. Менің Жаратушыға деген сенімімді тартып алғаннан гөрі, терімді сыдырып алса соған разы болар едім!» - деп ағынан жарылған.

    Атақты дәрігер Андрей Кунавиннен бір кісі: «Естуімше ғалымдардың көбісі дінсіз болады екен. Бұл рас па?» деп сұрағанда, Андрей Кунавин: «Менімше бұл пікір дұрыс емес. Қайта керісінше, мен ғылыми ізденістер мен ой бөлісу нәтижесінде әлемдегі белгілі болған ірі ғалымдардың ешбірі дінсіз еместігіне көз жеткіздім. Бірақ адамдардың өздері олардың сөздерін керісінше түсінген» - деп жауап берген.

    Атақты Эйнштейн: «Ғылыми ізденістің ең үлкен жетістігі – Жаратушыға деген иман!» - дейді.

    Профессор Крейси Мэрисон тіршіліктің мәнісі жайлы ойлана отырып өз-өзіне: «Өмірді, яғни жанды, материя жаратқан ба?» - деген сұрақ қояды. Осы сұраққа қатысты ой-пікірін қорыта отырып, ол: «Жалпы мағлұм болған нәрсе теңіз-мұхиттар мен материялар, соның ішіндегі табиғи және химиялық өзгерістер ешбір нәрсеге жан кіргізе алмайды. Олай болса адам немесе басқа жануарға жан өздігінен кіреді деп айту мүмкін бе?» - деген .

    Рух, яғни жан-жануарлардың тіршілігі мен сезіну, ой қорытудың арқауы болып табылады. Жансыз дененің сезу және ой қорыту қасиеті жоғалады. Рухани азғындаған адам мұндай тұжырымдардан махрум. Барлық нәрсе өзінен-өзі, жоқтан бар болды деген пікір ғылыми негізге жатпайды.

    Ислам ақидасының бастауы Құран Кәрімге назар салсақ, ол барлық нәрсенің бастамасы бар екенін, әлемде ешбір нәрсе өздігінен пайда болмағанын, Аллаһ Тағаланың құдіретімен жаратылғанын мынадай аяттармен жеткізеді:

    «Біз пайдалы желді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық».

    Хижр сүресі, 22 аят

    Қазіргі мектептегі оқушы да бұлтта электр қуаты бар екенін біледі. Бұлтта электр қуаты болатынын 1752 жылы атақты ғалым Франклин анықтаған болатын. Электр қуаты мен зарядталған бұлттарды жел айдап, бір-бірімен қосқан уақытта күн күркіреп, найзағай пайда болады. Бұл бұлттардың бойында электр қуаты барлығының көрсеткіші. Физика заңдылығы бойынша қарама-қарсы электр зарядтар бір-біріне тартылса, бірдей өрістегі электр зарядтар бір-бірінен алшақтайды. Осы жағдай бұлттардың тарап кетуіне негіз болады. Алайда, жел бір жағынан бұлттарды тарқатпай, оларды бірі-біріне қосып қалыңдатса (қоюландырса), екінші жағынан жер бетіндегі электр зарядтарын көтеріп, олардың бұлт ішіндегі зарядтармен қосылуына себеп болады. Осының нәтижесінде бұлттың құрамындағы бу су тамшыларына айналады.

    Адамзаттың санасы бұлт бойында электр қуаты бар екеніне осыдан төрт ғасыр бұрын көз жеткізген болса, Құран Кәрім сол электр зарядтары негізінде бұлт бойында су тамшылары пайда болатынын осыдан 14 ғасыр бұрын хабарлап қойған:

    «Көрмейсің бе? Аллаһ Тағала бұлттарды желмен айдап, сосын олардың араларын біріктіреді. Сонан соң бұлттарды қабат-қабат қылады. Сонда бұлт араларынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің»

    Нұр сүресі, 43 аят

    Зарият сүресінің 47 аятында былай делінген:

    «Біз аспанды Өз құдіретімізбен жараттық. Әрі Біз оны ары қарай Кеңейтушіміз»

    Бұл аят әлемнің кең екендігіне және бүкіл әлемнің одан әрі кеңейіп жатқандығына дәлел болып табылады.

    Эйнштейн өз сөзінде: «Әлем күн жүйесі сияқты миллиардтаған жүйелерден (системалардан) тұрады. Ал әрбір жүйеде жүз мыңдаған жұлдыз бен планеталар бар» - деген.

    Әлемнің кеңеюіне телескоптар арқылы көрінетін алыстағы аспан денелері белгілі бір жылдамдықпен күн жүйесіне алыстап бара жатқандығы айқын дәлел. Бұл құбылысты астрономдар анықтады. Демек, әлем расында да кеңею үстінде. Осыдан 14 ғасыр бұрын Құран Кәрім айтып қойған бұл ақиқатқа көз жеткізу жиырмасыншы ғасырда ғана ғылым және техниканың дамуы нәтижесінде нәсіп болып отыр.

    Құран Кәрім аяттары арқылы адам баласының санасына ой салады:

    «Айқын сенетін жандарға жер бетінде белгілер көп»

    Зарият сүресі, 20 аят

    «Олар еш нәрсесіз өздігінен жаратылды ма, олар өздері жаратты ма? Немесе олар көк пен жерді жаратты ма?»

    Тур сүресі 35-36 аяттар

    «Аллаһ Тағаланың баласы жоқ. Онымен бірге де басқа құдай да жоқ. Болмаса әр құдай өзі жаратқан нәрселерімен болып бір-біріне үстемдік еткен болар еді»

    Мүминун сүресі, 91 аят

    Яғни, құдай көп болса олардың арасында бәсеке пайда болып, тіршілік жүйесіне орны толмас нұқсан келген болар еді, дейді аят.

    معلومات المادة باللغة الأصلية