×

Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы (қазақ тілі)

Description

Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы тулары жазылған мақала

Download Book

    Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы

    حق الله على العباد

    > Қазақ тілі – Kazakh - <كازاخي

    Наиль Абу Солих
    نائيل أبو صالح

    —™

    Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Азамат Сопиев Қайрат ұлы

    ترجمة: من اللغة الروسية إلى اللغة الكازاخية أزامات صابييف

    Islamic.kz مراجعة: إدارة الموقع

    Лекция «Права Аллаха на Его рабов»
    Наиль Абу Солих

    перевод с русского на казахский
    Абу Сумая

    Бисми Лляхи ар-Рахмани ар-Рахим


    Ассаляму алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатуху!
    Дорогие братья и сестры! Данная работа была переведена на казахский язык из лекции, которая называется «Права Аллаха на Его рабов», который собрал и записал наш брат Абу Солих (Наиль). Я посчитал, что этот урок с дозволения Аллаха будет полезным для моих казахских братьев и сестер, не понимающих русский язык, поскольку в этой записи затрагиваются вопросы, которые должен знать каждый мусульманин. Работая над переводом этой записи, я пытался сделать его максимально понятным и доступным. Так же я оставил без перевода некоторые рассказы, которые содержаться в этой записи, считая это неважным. А также я добавил некоторые аяты Корана соответствующие данной теме.
    Я прошу Аллаха, чтобы Он принял этот труд и сделал его искренним ради Его благородного Лика. И сделал его причиной для вхождения в Рай.
    Да благословит Аллах нашего господина Мухаммада, его семью, его сподвижников и их последователей.




    Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы.

    Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.



    Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың
    салауаттары мен сәлемдері болсын!
    Ұлы Аллаһ тағала мейірімін төгіп, "Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы"-деген дәрісті, дыбыс күйде Әбу Салих бауырымыз дайындап,оріс тілінде бұл лекциясы бүкіл жер бетіндегі орыс тілдес мұсылмандар арасында өте кең таралып кетті. Бұл дәріс тақырыбы өте маңызды болғандықтан, әрі Ислам дінінің негізі болып табылғандықтан, мен Ұлы Аллаһ тағаланың мейірімімен бұл лекциясын орыс тілінен қазақ тіліне аударып, жазбаша түрде шығаруға әрекет жасадым. Әбу Салих бауырымыздың дыбыс күйде лекциясын стилінен алыстамай, тыңдаушыға қалай жеткізілген болса, тура сол қалпында баспаға шығаруға әрекет жасап, кейбір айтылған оқиғаларды ғана тастап, кейбіреулерін ғана баспаға шығаруға әрекет жасадым. Сонымен қатар сөздерді қайталамау мақсатында кейбір жерлері сәл ғана қысқартылып, кейбір сөздерді ауыстырып, лекциясынан тыс дәріс тақырыбына байланысты кейбір аяттарды қостым.
    Сөзімнің соңында пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Адамдарға алғыс білдірмеуші Аллаһқа да алғыс білдірмейді"-деген. Мен осы хадиске ере тұра, осы жолдауды шығаруда және оны таратуда жәрдем беріп, ат салысқан және болашақта ат салысатын жандардың бәріне де алғыс жолдағым келеді.
    Әсіресе осы жұмысыма көмекші құрал болған "Права Аллаха на Его рабов"-деген дәрісті, дыбыс күйде дайындаған Әбу Салих бауырымызға да
    үлкен алғыс жолдаймын.
    Аллаһ тағаладан Оның есімдері мен сипаттары арқылы осы ісімді пайдалы етуін, әрі бұл еңбегім үшін үлкен сый беруін сұраймын. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

    Азамат Сопиев Қайрат ұлы.
    30.09.2009 ж.


    Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.


    Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс- амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тұра жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ . Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әры елшісі екеніне куәлік етеміз.
    Бүгінгі дәрістің тақырыбы қазіргі замандағы мұсымандардың қатты ауруға дұшар болуы себепті, осы дәрістің шипа болуын Аллаһ тағаланың мейіріміне үміт қыламын. Бұл ауру себебінен ислам дініндегі мұсылмандар қатты болініске дұшар болды. Ешқашан мұсылмандар соншалықты Аллаһтың дінінен және пайғамбарымыздың жолынан алыстамаған еді, қазіргі біздің заманымыздай сияқты. Мүмкін осы сабақтан кейін жүректерінде тамшы салмағындай ықыласы бар адамдар, бізден бұрын дінді қабылдағандардың сөздерін қайталайтын шығар. Бұл ұлы сөздер пайғамбарлар және тақуа мұсылмандар өздерінің діндерінде ықыласты болғандардың сөздері:
    "Естідік те бой ұсындык. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың"-дейді. (Бақара сүресі 285 аят).
    Имам Буғаридың және имам Муслимнің сахих хадистердің жинағыда, Муаз ибн Жәбәлдің сөздерінен міна хадисті келтіреді: Муаз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, онда пайғамбар (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын)" Әй, Муаз! Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?"- деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: "Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі"-деп жауап берген. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серик қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы-кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы"-дейді. "Осы жайлы адамдарға хабар берейін бе"-дейді Муаз."Жоқ"-дейді Аллахтын елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) өйткені олар өз-өздерін тыныштандырады"-деп жауаб
    берген. Бірақ Муаз білімді жасырудан қорқып өлімінің алдында бұл хадисті жеткізеді.
    Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы. Бүгінгі біздің дәрістін өзегі де осы болмақ.. Егер Аллаһ тағала қаласа осы тақырыпқа байланысты біраз мәселелерді қарастырып өтеміз.
    1) Құлшылық деген не?
    2) Кімге біз құлшылық қыламыз?
    3) Кім құлшылыққа лайықты?
    4) Не үшін біз құлшылық қыламыз?
    5) Қандай бейнеде біз Аллаһ тағалаға құлшылық қыламыз?
    Ал енді, Аллаһтан жәрдем сұрап, бізден кімде-кім ақиқатты естігеннен кейін, соның артынан ергендерден қылсын деп сұрайық .

    1) Құлшылық деген не?

    Құлшылық сөзі, оның тілдік мағынасы бойұсынушылық және тағыда баскалар, бірақ бізге бұйырған нәрсе-ол бойұсынушылық, бағынушылық және Аллаһ тағалаға сүйіспеншілікті білдіреді. Ибн Таймия: "Құлшылық-ол амалдар мен сөздер, жасырын болсын, ашық болсын, Аллаһ жақсы көретін разы болатын"-деп айтқан. Намаз сияқты, қажылық , әке-шешеге бағыну, жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу, осының барлығы құлшылық . Сонымен қатар Аллаһты және Оның елшісін жақсы көру, Аллаһ үшін жақсы көру, Аллаһ үшін жек көру, үміт, қорқу-барлығы осы құлшылық.. Демек, құлшылық мұсылманның бүкіл өмірін қамтиды.
    Имам Муслимнің хадистердың жинағында Абу Зардың сөздерінен міна хадисті келтіреды: " Бір күні Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) кедей мұсылмандар келіп: "Ей Аллаһтың елшісі! Шын мәнінде байлар өздерінің сауаптарымен бізден озды. Олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақта оларда артықшылық бар, бірақта оларда озушылық бар, олар біз бере алмайтын садақаны береді"-деп айтады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Сендерге Аллаһ тағала садақа беру мүмкіндігін бермеді ме? Шын мәнінде әрбір тасбих-садақа, (Субханаллаһ-деп айттың-садақа) әрбір такбир-садақа, (Аллаһу Акбар-деп айттың-садақа) әрбір тахмид-садақа, (Алхамдулиллаһ-деп айттың- садақа) әрбір таһлил-садака, (Ля иляһа илла Аллаһ-деп айттың-садака). Жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару-садақа, тіпті сендердің біреуің әйелімен жеке қалуы садақа"-дейді. Сахабалар таң қалып: "Егер біздің біреуіміз барып, өз нәпсісін әйелімен қандырса, оған осы ісі үшін садақа болады ма?"-дейді. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Егер сендердің біреуің өз нәпсісін харам жолмен қандырса, оған осы ісі үшін күнә болады ма? "Ия"- деп жауап береді-мұсылмандар."Сол сияқты, егер сендердің біреуің өз нәпсісін халал жолмен қандырса, оған осы ісі үшін садақа болады"-деп жауап берген.
    Осы хадистен пайда алатынымыз, мұсылманның бүкіл өмірі құлшылық , керек десе, әйелімен жеке қалуы да. Осы нағыз иман, ал осы иманның мағынасы-бүкіл өмірің теққана әлемдердің Раббысы үшін болу керек. Ал, осыны құптайтын дәлел Аллаһ тағаланың сөзі:
    Айт: "Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ үшін "- де. ( Әнғам сүресі 162 аят ).
    Иманның мағынасы, қашан Аллаһ: "Мен әмір еттім, Мен тиым салдым"-деп айтса. Сонда адам баласы: "Естідім де бойұсындым"-деп айтады.
    Қашан адам баласы Раббысының әмір еткеніне бойұсынса, Оның тиым салғанына жоламаса және Аллаһ ол үшін орнатқан шекарасында тоқтаса, сонда ғана адам баласы өз мақсатына жетеді. Ал, мұсылманның мақсаты мейірімділік, сүйіспеншілік және Раббысының ризалығы.
    Біздің заманымызда адамдардың көпшігі нағыз ақиқат құлшылығынан алыстады. Әлемдердің Раббысынан басқа, кімге қаласа құлшылық қылады. Адамдардан кейбіреулері, көптеген құлшылықтардың түрлерін өзгертті. Оларды Аллаһқа арнамайды, барлық құлшылықтарға теққана Аллаһ лайықтығына олар ұмытты. Құрбандық шалса Аллаһқа емес, нәзір берсе Аллаһқа емес, ант етсе Аллаһқа емес, немесе жәрдем сұраса Аллаһтан емес, немесе дұға қылса Аллаһқа емес, немесе пана сұраса Аллаһтан емес.Шын мәнінде, миллиондаған адамдар Дагистанда, Татарстанда, Қазақстанда, Азияда әр-түрлі қабырларға, кесенелерге, мололарға барып жүріп, және басқа мұсылмандарды үйрете тұра: "Қашан сенде қиын жағдай болса, қабырлардан жатқандардан сұра"-дейді.
    Мұсылмандар! Ешқашанда пайғамбарлардан және өлілерден сұрамаңыздар, теққана Мәңгі, Өлмейтін, сондай бүкіл әлемнің Басқарушысы Аллаһтан сұраңыздар. Бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ:
    "Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ"-дейді. ( Юныс сүресі 107 аят ).
    Адамдардың кейбіреулері: "Бүкіл тірі жәндіктердің аса көрнекті адамдары бар, орынбасарлар, әулиелер және осы аса көрнекті әулиелер, орынбасарлар бүкіл әлемді басқарады және бүкіл өміріңді жеңілдетеді"-дейді. Сондай сөздерді Азия елдерімізде көп кездестіреміз. Алайда, Аллаһ тағала:
    "Айт:( Мухаммед) Барлық іс Аллаһтың еркінде"-деп айт. ( Әли Ғымран сүресі 154 аят).
    Сондықтан Аллаһтан басқа ешкім де өміріңді жеңілдете алмайды,әулиелер болсын, әруақтар болсын, тіпті Аллаһтың елшісі Мухаммед (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын), өзінің өмір сүрген уақытында немесе өлімінен кейін ешнәрсені өзгерте алмайды да жеңілдете алмайды. Аллаһ тағаланың жаратылыстарынан ең жақсырағы емес пе? Аллаһ тағала оны барлықтарымыздан ұлықтадығой, бірақта Аллаһ тағала өзінің елшісіне айтты:
    " Ешбір іс сенің еркіңде емес". ( Әли Ғымран сүресі 128 аят).
    Жақсы болсын, жаман болсын, бірнәрсені өзгертуге сенің ешқандай мүмкіндігің жоқ..
    Аллаһ тағала басқа пайғамбарларға айтқан нарсены, біздің пайғамббарызмыз Мухаммедке (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын)- де осыны айтқан және бұл нәрсе әр қайсымызға тиісті:
    "Шын мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: "Егер Аллаһқа ортақ қоссаң, әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың"- деп уахи етілді. (Зумар сүресі 65-66 аят).
    Адамдардың кеібіреулері құлшылық деген нәрсені дұрыс түсінбейді, құлшылық олардың түсініктерінде-бұл намаз, ораза, қажылық болды, осымен бітті. Кейбір кезде біз адамдарды мешітте көреміз, олар намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылық қылады, бірақта бұл кісіні, қашанда далада кездестірсек, оны тану қиын. Оның әйелі, қыздары жарты жалаңаш, ол қарызға процентке береді, кредит алады, адамдарды алдайды, пара алады, арақ-темекілерді сатады, зина жасайды, ата-анамен және көршілермен жаман қарым қатынаста болады. Сен бұл кісіні мешітте көрген сияқты салыстыра алмайсын, ол кісі тіпті басқаша. Ол кісі өте қысқаша түрде құлшылықты түсінеді. Біз айттып кеттікқой, мұсылманның бүкіл өмірі-құлшылық . Ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу- құлшылық , барлық жағынан шыншыл болу- құлшылық , барлық жағынан ықыласты болу- құлшылық , өз мұсылман бауырына күлімсіреп қарау-құлшылық , онымен қолұстасып амандасу- құлшылық , өзінің көзқарасын бөтен әйлдерден сақтау- құлшылық , бірақта олар құлшылық деп-ол намаз, ораза, қажылық болды осымен бітті.
    Аллаһ тағала осындай адамдарға:
    "Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіндер ме?"-деп сұрақ қояды. (Бақара сүресі 85 аят).
    Бауырларым! Құлшылық-ол біздің өміріміздің кішкентай бір бөлігі емес, жоқ , керісінше, бұл себеп, бұл негіз. Аллаһ осы себепті жаратылыстарды жаратты, аспандарды, жерді, жаннатті, тозақты жаратты, осы себепті Аллаһ кітаптарды түсірді және осы себепті бізге елшілерді, пайғамбарларды жіберді. Аллаһ тағаланың сөздеріне қарамайсындар ма?
    "Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым". (Зәрят сүресі 55 аят).
    Аллаһ өз жаратылыстарын жай ермек үшін жаратқан жоқ , Ол өзіне құлшылық қылулары үшін ғана жаратты және теққана Ол құлшылыққа лайықты, және теққана, Оған ғана құлшылық қылу керек
    .
    2) Кімге біз құлшылық қыламыз?

    Мүмкін кейбіреулерімізге бұл сұрағымыз ақылға сыймайтын, біртүрлі болып көрінетін шығар, жоқ бұл толық ақылға сыйятын дұрыс сұрақ..
    Әлем жұқпалы ауруға дұшар болды, әр-түрлі дұрыс емес әдепсіз сенімдер, жер бетінде миллиондаған адамдар Аллаһтан басқа кімге қаласа құлшылық қылады. Нух пайғамбар заманынан бастап жер бетінде көпқұдайшылық орнатылды. Адамдардан кейбіреулері айға, күнге, ғаламшарларға табынады, кейбіреулері шайтанға, періштелерге, тастарға,пұттарға табынады. Әбу Раджа Әл-Утариди: "Надандық дәуірінде біз тастарға құлшылық ететінбіз.Егер бірінші тастан артық тас тауып алсақ болды, ескісін қалдырып жаңасына көшетінбіз. Ал енді мүлдем тас таба алмаған жағдайда, топырақтан бір төбешік жасап, ол жерге қой әкеліп, сол төбешік үстінде сауатынбыз. Кейін сол төбешікті айналып тауап жасайтйнбыз...-деп әңгімелейді.
    Адамдардың кейбіреулері адамдарға табынады, еврейлер Ұзайырға табынады, христиандар Исаға және Марьямға табынады, кейбіреулері өзінің ұлтына табынады, басқаша айтқанда ұлтшылдық деп айтса болады. Кейбіреулері әр-түрлі теорияларға, идеяларға табынады, біздің заманымызда оны білім, прогресс, цевилизация деп айтуға жақсы көреміз. Кейбіреулері сиырға табынады, мысалы Индиядай сияқты.
    Бір кезде Индияның бұрынғы президенті халықтың алдында ақталып, сиырларға табыну тұралы одан сұраған кезде, ол: "Менің сиыр анам өзімнің тұған анамнан сүіктірек"-деп жауап берген. "Не үшін, әй, мырза Президент!?"- деп сұраған кезде, ол: "Өйткені менің тұған анам мені жай ғана тоғыз ай ішінде алып жүрді және екі жыл мені емгізді, сол үшін мен оған өмір бойы қарызбын, ал, менің сиыр анам, өмір бойы маған сүт беріп келеді және еш нәрсе меннен сұрамайды".—деп жауап берген. Және таң қаларлық нәрсе, Индияда ғибадатханаға кіруден алдын, тышқанға табыну керек, тышқанға табынуға болады ма? Кімге ақыр құлшылық қылуға болады?

    3) Кім құлшылыққа лайықты?

    Сөзсіз-Ол жалғыз Аллаһ, Оның серігі жоқ , ислам дінінің келүіне осы себеп болды, түрлі көпқұдайшылықтармен үлкені болсын, кішісі болсын күресуді бастаған ислам. Аллаһ тағала құранда Аллаһқа серік қосу-ол ең үлкен зұлым және әділсіздік болып табылатынын, және Аллаһ оны тәубесіз кешірмейтінін айтты:
    "Шын мәнінде Аллаһ тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді". (Мәида сүресі 72 аят).
    Сондай-ақ ,имам Муслим Жәбир ибн Абдуллаһ сөздерінен мына хадисті келтіреді.Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе,ол жаннатқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді"-деп айтқан.
    Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесіне Әбу Талибке қараніз, пайғамбарымыз оны шын жүректен жақсы көрген, бірақта, Әбу Талиб Аллаһқа серік қосып о дүниелік болар шақта, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) оған еш жәрдемін бере алмады. Бұл хадисті имам Бухари мен имам Муслим келтіреді: "Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесі Әбу Талиб қайтыс болар шақта оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) келеді. Ол жерде Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя ибн Муғира болады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесіне: "Көке! Лә иләһа иллә Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтыңызшы. Шын мәнінде осы сөздер арқылы мен Қияметте сіз үшін шапағатшы бола алармын"-дейді. Сонда Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя: "Әй, Әбу Талиб! Сен әкең Әбдул Мутталибтің жолынан бас тартпақшысың ба?-дейді. Әбу Талиб:"Жоқ , мен Әбдул Мутталибтің жолындамын"-деп, Лә иләһа иллә Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтудан бас тартады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Аллаһпен ант етемін, мен сіз үшін міндетті түрде Аллаһтан кешірім сұраймын"-дейді. Сонда Аллаһ тағала мына аяттарды түсіреді:
    "Мүшіріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін пайғамбарға да мүміндерге де ол мүшіріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды". (Тәубе сүресі 113 аят).
    Аллаһқа серік қосу соншалықты қауіпті, Аллаһ шіріктен басқа қалаған күнәні кешіруі мүмкін. Аллаһ құранда:
    "Шын мәнінде саған әрі сеннен бұрынғыларға: "Егер Аллаһқа ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың"-деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және шүкіршілік етушілерден бол"-деген. (Зумәр сүресі 65-66 аят).
    Екі сахих хадистер жинағында имам Бухари мен имам Муслим ибн Масғудтің сөзін келтіреді: "Аллаһ тағала мына аятты түсірген шақта:
    "Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тұра жолға түсірілгендер". ( Әнғам сүресі 82 аят).
    Осы аятта зұлымдық деген сөзді Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) Аллаһқа серік қосу деп тәпсірледі, сондай-ақ , бұл түсіндірмесі толық Аллаһ тағаланың сөзіне сай келеді:
    "Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық"-деген". (Лұқман сүресі 13 аят).
    Кімге біз құлшылық қыламыз деуден бұрын әрқайсысы өзінің жанын сұрасын: "Мен Аллаһқа құлшылық істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде мен басқа біреуге құлшылық істеп жүрмін бе? Аллаһ үшін ораза ұстап жүрмін бе? Жоқ , әлде мен басқа біреу үшін ұстап жүрмін бе? Немесе қашанда мен құрбандыққа малды шалған шақта Аллаһ үшін істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде қандай да бір аруақ үшін істеп жүрмін бе? Мен айналып тауап жасайтын уақытта, оны Аллаһ үшін істеп жүрмін бе? Немесе мен теққана кағбаның төңірегінде тауап істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде мен барлық жерде айналып тауап істеп жүрмін бе? Немесе мен Аллаһтан басқа, басқа біреуге дұға істеп жүрмін бе? Әр түрлі әулиелерге, әруақтарға. Әрбірімыз өзінің жауабында әділ болсын және үмітпасын біздің жүрегімізде не бар екенін Аллаһ жақсы біледі.
    Егерде, бізден біреуіміз осы дәрістен кейін тәкаппарланып, Аллаһтан өзге басқа біреуге құлшылықты істеп жүрсе немесе басқа біреуге құлшылықты жалғастырса, жоқ әлде мүлдем құлшылық қылмаса, онда білсін, Аллаһ сенің құлшылығыңсыз-ақ бай онсыздан-ақ тек Аллаһқа құлшылық қылатындар жеткілікті. Барлық өсімдіктер, жануарлар, теңіздер, аспандар, жерлер барлығы олар Аллаһқа құлшылық қылады, барлығы Оған тасбих қылады, сен оны ешқашанда байқамайсын да түсінбейсін.
    Аллаһ тағала Өзінің қасиетті Кітабында:
    "Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аллаһты пәктейді. Оны пәктеп мақтамайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын түсіне алмайсындар"-деген. ( Ісра сүресі 44 аят ).
    Осы жерде сұрақ туылады, егер Аллаһ біздің құлшылығымызға мұқтаж болмаса, не үшін Ол бізге құлшылықты бұйырған? Не үшін біз құлшылық қыламыз?

    4) Не үшін біз құлшылық қыламыз?

    Өйткені құлшылық-ол біздің Аллаһтың алдындағы хақымыз, ал құлшылықты бізге әмір етуі-ол Аллаһтың хақысы, сондай-ақ Жаратушысының хақысы кінәға жатпайды, бәлкім мәхлұқтардың өздерінің міндеттерін орындамағаны кінәға жатады. Сабақтың басында біз айтып кеттікқой, Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы.
    Қашанда, біздің біреуімізге адам баласы жақсы қарым-қатынас қылса бізге әсер береді, біз оны жақсы көре бастаймыз, сыйлаймыз. Сондай, барлық мысалдардан жоғары болған Аллаһ тағала туралы не десең болады, ал адам баласы көкірек, барлық тіршілікке қарамай ма? Мүмкін Аллаһтың Ұлылығын түсінер, жақсы көріп құлшылық қылар.
    Кімде-кім өз Раббысын танып, Оған құлшылық қылуды бастаса және жақсы, ізгі амал істесе, сонда оның сүіспеншілігіне қарай амалдары да болады.
    Бауырларым! Раббыларыңды тану үшін барлық тіршілікке қарасандаршы, аспанға, жерге, теңізге, өзенге сонда ғана түсінерміз не үшін біз Оған құлшылық қыламыз. Ал мойындамайтын осыны теққана тәкәппар, көкірек, әлемдердің Раббысына сенбейтін адам.
    Бізге Аллаһ тағала сеніп Оған құлшылық істеп бастау үшін жан-жаққа ойлы жүзбен қарау керектігін айтты:
    "Олар, түйеге қарамай ма, қайтіп жаратылған? Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? Олар, тауларға қарамай ма, қайтіп тігілген? Олар, жерге қарамай ма, қайтіп төселген?"(Ғашия сүресі 16-17-18-19 аят).
    Бәлкім, өкінішке орай, адамдардың арасында бәрібір Аллаһтың Ұлылығын мойындамайтын, қабылдамайтын адамдар табылар.
    Бірде имам Шафиғи мешітке бара жатып Аллаһқа сенбейтін адамды кездестіреді, сонда әлгі адам имам Шафиғиден: "Әй, имам Шафиғи! Аллаһтың барлығына қандай дәлелің бар?"-деп сұрайды. Имам Шафиғи аспанды да жерді де және оның өмірін де дәлел ретінде келтірмеді. Ол өзінің артында тұт ағашын көріп: "Осы тұттің жапырағы Аллаһтың барлығына дәлел"-деп мешітке қарай жолын жалғастырады. Ал құдайсыз адам өз орнында қалып, жапыраққа қарап, бұл жапырақтың Аллаһтың барлығына не қатысы бар деп ойлап тұрады. Имам Шафиғи мешіттен келе жатқан шақта қайтадан сол адамды кездестіреді: "Әй, имам Шафиғи! Осы жапырақтың Аллаһтың барлығына не қатысы бар?"-дейді. Имам Шафиғи: "Бұл жапырақтың түсі де, исі де, дәмі де бір, солай емес пе?" "Ия"-деп жауап береді әлгі адам. "Осы жапырақты жібек көбелек жейді де, керемет жібек шыға келеді, аралар осы талдан бал жинайды, осы жапырақты ғазел жейді де, керемет әтір шыға келеді, осы жапырақты қой жейді де, тезек шыға келеді. Кім осы бір талдың себебінен әр-түрлі заттарды жаратты? Ол Аллаһ тағала, бүкіл әлемдердің Жаратушысы"-деп жауап берген.
    Аллаһтың Ұлылығы күндіз де, түнде де, әр кезде біздің көзіміздің алдында, бірақта адамдардың көбі байқамайды да түсінбейді.
    Бауырларым! Кішкентай жәндікке қарап көрейік, құмырсқаға қарайық.. Бірде батыс ғалымдары бірнеше ай құмырсқалардың өмірлерін зерттеген. Олар Аллаһтың Ұлылығын тану мақсатында зерттемеген, бұл жай ғана зерттеу жұмыстары болатын. Бұл жұмыстары мынандай сөздермен аяқталды: "Шынымен де құмырсқалар өздерінің ұяларында үлкен бір ұлт сияқты тұрады. Оларда басқаратын өздерінің заңдары бар, сөйлейтін өздерінің тілдері бар және тағы таң қаларлық нәрсе, олар өткен проблемаларды ретке салу үшін және келешектегі түсінбеушіліктен құтылу үшін конгресс, сьездерді ұйымдастырады"-деген. Әрқайсысы бұған сене бермейді, өйткені әрқайсысы Аллаһ тағаланың сөзін оқымаған:
    "Жердегі жүрген жәндік және қанатымен ұшқан құс, сендер сияқты ұқсаған топтықтар". (Әнғам сүресі 38 аят).
    Қарамайсындар ма, қалай Аллаһ тағала адамды керемет бейнеде жаратқан? Кім адамның көзін жаратқан? Оның көру күш қабілеті мен түрлі-түстерді ажыратуға мүмкіндігі бар. Көзіне шаң түспеу үшін кірпік пен қабақті кім жаратқан? Және ұйықтаған уақытта әр-түрлі жәндіктер құлағымызға кіріп кетпеу үшін құлақ жарғағын кім жаратқан? Әр қайсымыз өз-өзіне айнаға қарап: "Кім мені осылай жаратқан"-деп өз-өзіне сұрақ қойсын. Әлбетте Ол Аллаһ тағала барлық жаратылыстың Жаратушысы. Аллаһ тағала:
    "Аллаһ барлық затты жаратушы, әрі Ол барлығына да кепіл"-дейді. (Зүмәр сүресі,62 аят)
    Аллаһтың барлық жаратылыстары – Аллаһтың барлығына, бірлігіне дәлел бола алады. Осы Ұлы Аллаһ құлшылыққа лайық емес пе? Және Ол тиым салған нәрселеріне жоламауымызға Аллаһ лайық емес пе? Бізге орнатқан шекарасында тоқтауымыз үшінАллаһ лайық емес пе? Біз Оның әмірлеріне бағынуымызға Аллаһ лайық емес пе? Және бізге жіберген елшісіне Мухаммедке (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) бағынуымызға Аллаһ лайық емес пе? Не үшін біз құлшылық қыламыз? Өйткені құлшылық – ол біздің Аллаһтың алдындағы міндетіміз, ал құлшылықты әмір етуі – ол Аллаһтың хақысы.

    5) Қандай бейнеде біз Аллаһ тағалаға құлшылық қыламыз?

    Жауабы қысқа, Құран және пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) сүннетінде қалай әмір етілген болса, солай құлшылық қылуымыз керек. Ибн Таймия: "Құлшылық екі негізде құрылады, бірінші - егер құлшылық қылсаң, теққана Аллаһ үшін қылу, екінші – Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) қалай құлшылық қылған болса, солай құлшылық қылу"- деп айтқан. Бұл, "Әшһаду әллә иләһа илла Аллаһ" және "Әшһаду анна Мухаммадан абдуһу уа расулуһу"- деген күәлігінің мағынасы болып табылады. Яғни, мен Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқтығына күәлік етемін және Мухаммед - Оның құлы әрі елшісі екеніне күәлік беремін. Бірінші күәлігімен Кімге құлшылық қылу керек екенін түсінеміз, ал екінші күәлігімен қандай бейнеде құлшылық қылу керек екенін түсінеміз.
    Сонымен қатар, мүминдер анасы Умму Абдуллаһ Айша хабарлаған сахих хадисте: "Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалықты еңгізсе, онда оның ісі қайтарылады"-деді"-деп келтірілген.
    Сол себепті де әрбір мұсылман кісі құлшылығына мұқият болсын, оның қылған құлшылығы пайғамбар (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) келген нәрсемен сай келеді ме? Өйткені кейбіреулері өмір бойы шын ықыласпен Аллаһқа құлшылық қылады, бірақта пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) қылған сияқты қылмағандықтан нәтижесінде Аллаһ тағала оның тәубесін қабыл қылмайды.
    Қазір біздің заманымызда адамдар дінге әр-түрлі жаңалықтарды еңгізеді, әр-түрлі зікірлерді, мәуліттерді, оқылмайтын жерде фатиха сүресін оқуы, қырқысы, жетісі сияқты әр-түрлі жаңалықтарды дінге енгізеді. Имам Малик: "Аллаһ осы аятпен дінді толықтастырды:
    "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым."-деген". (Мәида сүресі 2 аят).
    Осы аяттан кейін дінге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның сахабаларының өмірінде болмаған нәрсені еңгізсе, онда білсін, ол Аллаһтың дініне жаңалық еңгізді. Және пайғамбарымыздің (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) заманында болмаған нәрсе, бүгін дінде болуы мүмкін емес. Кімде-кім дінге әр-түрлі жаңалықтарды еңгізсе үлкен күнәға ұрылады, сондықтанда имам Бухаридың ұстазы Суфиан ас-Саури: "Шайтанға адам баласы үлкен күнә істеуіне қарағанда, дінге жаңалық енгізгені жақсырақ"-деп айтқан.
    Не үшін? Бауырларым! Өйткені адам баласы күнәні істегенде оның жаман екендігін біледі ғой және қашанда болмасын тәубесіне келуі мүмкін, ал адам дінге жаңалық енгізу арқылы құлшылық қылған кезде, ол әрдәйім жақсы амал қылып жатырмын деп және тұра жолдамын деп ойлайды және дінге жаңалық енгізуді жалғастыра береді. Сонымен ол ешбір тәубесіз өзін тұра жолдан алыстата береді.
    Бірақта біз қалай білеміз тұра жолдамыз ба, әлде адасудамыз ба? Сол себепті де біз ғалымдардан сұрауымыз керек. Аллаһ тағала Өзінің қасиетті кітабында:
    "Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар"-деген. (Нахыл сүресі 43 аят).
    Алайда сұраудан алдын білгін, шынында да ол кісіде білім бар ма? Ол Құран мен сунетті пайғамбарымыз және оның сахабалары түсінгендей түсінеді ме? Жоқ ,әлде ол өзі жаңалықтарымен ластанып, дінді өзіне ұнайтындай түсінеді ме? Біздің уақытымызда адамдар өздері надан болып, басқаларды да адастырады. Сол себепті де тұра жолдан адасып қалмау үшін шынайы білетіндерден сұрайық .
    Бауырларым! Шынымен де егер біздің дүниедегі амалдарымыз Аллаһ үшін болса және пйғамбарымыз Мухаммедтің (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) істеген амалдарына сәйкес келетін болса - осы нағыз құлшылық!!! Сол себепті де Аллаһтан жәрдем сұрап, Оған құлшылық етуде жәрдем етіп, Ол жақсы көріп әрі разы болған нәрсеге жол салып беруін, әрі соңымызды қайырлы етуін сұраймын.


    Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына
    Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

    Дерек көзі: salaf-forum.ru

    معلومات المادة باللغة العربية