×
New!

Bayan Al Islam Encyclopedia Mobile Application

Get it now!

Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) елшілігі (қазақ тілі)

Дайындау:

Description

Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) елшілігі туралы жазылған мақала

Download Book

    Мұхаммед пайғамбардың

    (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) елшілігі

    بعثة محمد صلى الله عليه وسلم

    >Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي

    فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام

    Islamhouse.com сайтының қазақ тілі бөлімшесі

    —™

    Мұхаммед пайғамбардың

    (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) елшілігі

    Аллаһ тағала Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) елшілігін ерекше етті, ол – пайғамбарлар мен елшілердің ең соңғысы. Аллаһ тағала:

    «Мұхаммед сендерден ер адамдардың ешбірінің әкесі болмады. Бірақ ол Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы» (Ахзаб сүресі, 40-аят), – деген.

    Аллаһ алдыңғы діндердің барлығын мансұқ (мансұқ ету – үкімін жою деген сөз) етіп, күшін жойып, Өз алдында тек пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) діні – Исламды ғана қабыл қылды. Мұхаммед (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келгеннен кейін жәннатқа тек соның жолын ұстанып қана кіру мүмкін. Ол – пайғамбарлардың ең құрметтісі, оның үмбеті – үмбеттердің ең жақсысы, ал шариғаты – ең кемел шариғат. Аллаһ тағала:

    «Кім Исламнан өзге бір дін іздесе, әсте одан қабылданбайды да, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» (Әлі Имран сүресі, 85-аят), – дейді.

    Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):

    «Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етемін, осы үмбеттен қайсыбір яһуди яки христиан мен туралы естіп, мен жіберілгенге иман келтірмей дүниеден өтсе, тозақылардан болады», – деген (Хадисті Муслим жеткізген).

    Өзге пайғамбарлар өз қауымына ғана жіберілсе, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл адамзатқа жолданды. Аллаһ тағала:

    «Біз сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп барлық адамдарға жібердік» (Сәбә сүресі, 28-аят), – дейді және осы мағыналас аяттар өте көп.

    Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «(Өзге) пайғамбарлардан алты нәрсе арқылы артық етілдім: маған қысқа сөйлеп, көп мағына беру қасиеті дарытылды, үрей арқылы жәрдем алдым, маған олжа алу халал етілді, жер беті мен үшін таза және мешіт болды, барша халыққа жіберілдім және менімен пайғамбарлық тоқтатылды», – деген (Хадисті Муслим риуаят еткен).

    Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бен үмбеті өзге пайғамбарлардың қауымына дінді жеткізгеніне куәлік береді. Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «(Қиямет күні) Нұх пен қауымы келеді де, Аллаһ тағала (Нұхқа): «(Дінді, таухидті) жеткіздің бе?» – дейді. (Нұх): «Иә, Раббым», – дейді. Аллаһ тағала (оның қауымынан): «Сендерге (дінді, таухидті) жеткізді ме?» – деп (сұрайды. Қауымы): «Жоқ! Бізге пайғамбар келген емес», – дейді. Аллаһ тағала (Нұхтан): «Кім саған куәлік береді», – деп (сұрайды. Нұх): «Мұхаммед пен оның үмбеті», – дейді. Сөйтіп, біз оның жеткізгендігіне куәлік береміз. Аллаһ тағаланың: «Осылай сендерді (артық-кемсіз) орташа бір үмбет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін», – деген сөзінің мәнісі осы», – деп айтқан (Хадисті әл-Бұхари жеткізген).

    Аллаһ тағаланың: «Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, хикмет бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір елші келсе, міндетті түрде оған иман келтіріп, жәрдем бересіңдер», – деп серт алды. (Оларға): «Көндіңдер ме әрі осыған орай жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» – деді» (Әлі Имран сүресі, 81-аят) деген сөзінің тәпсірінде Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ қандай пайғамбар жіберсе, егер ол тірі бола тұрып, Мұхаммедті (пайғамбар қылып) жіберсе, оған иман келтіріп, жәрдем бересің деп уәде алған. Және де оған үмбетінен, егер олар тірі тұрып, Мұхаммедті (пайғамбар қылып) жіберсе, оған иман келтіріп, жәрдем бересіңдер деп уәде алуға бұйырған», – дейді (Мұны Ибн Кәсир риуаят еткен). Исраилдіктердің соңғы пайғамбары Иса мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) арасы шамамен алты жүз жылдай. Мұхаммед (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндетін халыққа жиырма үш жыл бойы жеткізді және өзінен кейінгілерге де соны жалғыстыруды бұйырды. Ислам ғұламалары Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолы туралы көптеген еңбектер жазған.

    Қолданылған әдебиеттер: Ибн Касирдің «Қисасуль-Әнбия», «Альбидая уа нихая».

    معلومات المادة باللغة العربية